MEDIACONTENT АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ПОРТАЛЫ

Алып станция қуаты 400 мегаватт

WhatsApp Image 2019-10-31 at 16.19.33
Share on facebook
Share on twitter
Share on pinterest

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов түркиялық «Глобал Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдерімен кездесті. Аталмыш компания өкілдері өңірімізде 400 мегаваттық күн электр станциясын салуға ниетті.
Асқар Исабекұлы жергілікті билік инвесторларды барынша қолдауға әзір екендігін жеткізіп, қажетті жағдайлар жасалатынын айтты. Ол үшін алдымен қажетті жер көлемін нақтылап, станция салуға қолайлы аймақты анықтау шараларын жүргізу керектігіне көңіл бөлді. Сондай-ақ, өңір басшысы облыста құрылысы жүріп, жұмыс жасап жатқан жел, күн электр станцияларының мысалға ала отырып, аймақтың баламалы энергия өндіру бағытында айтарлықтай тәжірибесі бар екендігіне назар аудартты.
Өз кезегінде «Глобал Строй» ЖШС-нің құрылтайшысы Булган Ахмет Дюран мен бас директоры Уйгун Эюп Жамбыл облысының күн сәулесі көп түсетін өңір болғандықтан таңдау түсіп отырғанын, салынатын станцияға жел мен күннің қозғалысына ыңғайлы жаңа технологияларды пайдаланатындарын айтып, жұмысты бастауға дайын екендіктерін жеткізді. Сондай-ақ, олар болашақта Қазақстанда 8 мың мегаваттық станция салуды жоспарлап отырғандарын тілге тиек етті.
Айта кетейік, бұған дейінгі кездесуде тараптар бірлесіп жұмыс жасау жолында ортақ меморандумға қол қойып, келісімге келген болатын.

Оставьте комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Share on facebook
Share on google
Share on twitter
Share on linkedin
Share on whatsapp

meadiacontent.kz 2019 жыл. Тараз қаласы.