ЕЛДІК ЕЛГЕ БАЙЛАНЫСТЫ» қоғамдық форумының ҮНДЕУІ

Құрметті жамбылдықтар! Біз, «Елдік елге байланысты» қоғамдық форумына қатысушылар, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, этносаралық және конфессияаралық татулық, бірлік пен береке, ұлттық құндылықтар сияқты қоғам мен мемлекеттің жоғары мүдделерін басшылыққа ала отырып, облыс тұрғындарына Үндеу жолдаймыз. Тарихтың тағылымы — ұлт болып ұйысып, ел болып еңсені тіктеудің басты кепілі — бірлік пен елдік екені белгілі. Ендеше, […]

Жамбылдың өз чемпионаты бар

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың бастмасы және қолдауымен футболдан әуесқойлар арасындағы облыс чемпионаты мәресіне жетті. Өңірімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған чемпионатқа аудандандардан 10 және Тараз қаласынан 7 команда қатысты. Барлығы 17 команда 450 спортшы қамтылды. Чемпионат облыста футболды дамыту, әуесқойлар арасында облыстың үздіктерін анықтау және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатына негізделді. Бес айдан аса уақытқа созылған бәсекеде […]

Алып станция қуаты 400 мегаватт

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов түркиялық «Глобал Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдерімен кездесті. Аталмыш компания өкілдері өңірімізде 400 мегаваттық күн электр станциясын салуға ниетті. Асқар Исабекұлы жергілікті билік инвесторларды барынша қолдауға әзір екендігін жеткізіп, қажетті жағдайлар жасалатынын айтты. Ол үшін алдымен қажетті жер көлемін нақтылап, станция салуға қолайлы аймақты анықтау шараларын жүргізу керектігіне көңіл бөлді. Сондай-ақ, […]

Тараз қаласы үлкен құрылыс алаңына айналды

Облыс орталығы – Тараз қаласы үлкен құрылыс алаңына айналған. Мұнда облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың бастамасымен тасжолдар төселіп, көпқабатты тұрғын үйлер мен өзге де әлеуметтік нысандар көптеп салынуда. Бүгін шаһардағы жүріп жатқан жұмыстардың аяқ алысымен танысу мақсатында аймақ басшысы бірқатар нысандарда болды. Әуелі Асқар Исабекұлы қаланың «Тайвань» алқабындағы жол салу жұмыстарымен танысты. «Тайвань» алқабында барлығы 18 […]

Асқар Мырзахметов кәсіподақ ұйымдарының жетекшілерімен кездесті

Аймақ басшысы Асқар Мырзахметов бүгін облыс әкімдігінде кәсіподақ ұйымдарының жетекшілерімен кездесті. Кәсіподақ күніне орай өткен кездесуде облыс әкімі аталмыш ұйымның маңыздылығы мен рөлін тілге тиек етіп, оларға үлкен міндет жүктеліп отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, өңір басшысы жиналғандарды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Өз кезегінде облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Мейрамбек Төлепберген қоғамда да, кәсіподақтар қызметінде де […]